5.12.2022, 12:31
Оқылды: 68

Жедел ота жасалды

Казталов аудандық ауруханасына ішінің ауырсынуына, дене түсінің ағаруына, жалпы әлсіздікке шағымданған 1982 жылғы ауыл тұрғыны келіп түсті. Науқастың өзінің айтуы бойынша жоғарыдағы аталған шағымдар 17.10.2022 күні таңертеңгі уақыттан бастап мазалаған.

изображение_2022-12-05_122440

Науқас керек анализдер мен зерттеулерден өткен соң соның ішінде:

УДЗ әдісі арқылы кіші жамбас қуысында 2 литрге жуық сұйықтық бары анықталып, бірден оперативтік ем тағайындалды. Операция алды диагноз: Жатырдан тыс жүктілік, іш қуысына қан кету, 17.10.2022 күні бел аймағы анестезиясы (СМА) арқылы науқасқа Пфаненштиль әдісі бойынша лапаротомия, оң жақты тубэктомия, ревизия, санация және дренаждау операциясы орындалды. (Лапаротомия по Пфаненштилю.Тубэктомия справа. Ревизия, санация и дренирование брюшной полости) гемотрансфузия жасалды.

Операциядан кейінгі диагноз: Жатырдан тыс жүктілік 8–9 апта. Іш қуысына қан кету - 2 литр қан кету (Трубная беременность справа 8–9 недель. Гемоперитонеум-2 литра крови)

Ота сәтті өтті. Отадан кейінгі науқастың жағдайы ауыр, бірқалыпты. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жасалды. Аталған оталар облыс деңейінде немесе санитарлық авиация көмегімен жасалатын оталар екенін естеріңізге саламыз!

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале