9.04.2024, 18:20
Оқылды: 16

Желаев ауылын су басқаны рас па? Әкім жауап берді

Әлеуметтік желілер мен түрлі месенджерде тарап жатқан Желаев ауылын су басып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін ауылға бардық. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары бірігіп, ауыл маңындағы су басу қаупі бар жерлерді көтеріп, құм толық қаппен жасанды бөгет тұрғызып жатыр.
Желаев ауылдық округінің әкімі Арман Бисембалиевтің айтуынша ауыл маңындағы сайларға су тек таңертең келе бастапты.

InShot_20240409_181638824
- Қазіргі таңда ауылға су келеді деген қауіп жоқ. Елді мекен маңында су жиналатын үш-төрт орын бар. Олардың барлығын қаппен толтырып, биіктетіп жатырмыз, - дейді округ әкімі.

InShot_20240409_181651712
Ауылды судан қорғау үшін қажетті құм, қап алынған. Бір үйдің балаларындай біріккен желаевтық ағайын қауіпсіздік шараларын мықтап қолға алған. Өңір волонтерлары да  көмек қолын созыпты. Тіпті ауыл балалары да қолынан келгенше қолғабыс қылуда.

InShot_20240409_181707754

Ал желіде тараған Желаевтағы дамбы суға кетті деген ақпаратты округ әкімі жоққа шығарды.

Ал су тасып жатқан жер ауылдың арғы бетіндегі демалыс орнына апаратын жол.
- Қазір ауылға керер қауіп жоқ. Судан қорғау жұмысына екі трактор, алты камаз және бір тиегіш агретар жұмылдырылды,-деді А. Бисембалиев

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале