15.12.2023, 17:15
Оқылды: 73

Желтоқсан оқиғасы біраз шындықтың бетін ашты

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Қазақстанның барлық өңірін қамтыған жалпыхалықтық көтеріліс болды десек қате айтпағанымыз.

Jeltoqsan

Фото: wikipedia

Әлемде өздерін ең әділетті, ең демократияшыл, ұлт саясатында достық пен теңдікті сақтаушы мемлекет ретінде көрсеткен КСРО-ның беделі бір күнде қазақ жастары қозғалысы кезінде анықталып, шынайы құрылымы баршаға жария болады.

Сол кезде Кеңестік «жариялылық» саясатына құдайдай сенген қазақ жастары, ештеңені түсіндірместен бір күнде Қазақстанды ұзақ басқарған Қонаевтың орнына белгісіз Колбиннің келуін түсіндіруді талап етеді.

Егер 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс патша үкіметінің бодан халықтарды менсінбей, олардың ұлттық ерекшеліктерімен санаспай, өзім білемдікке салынып жарлық шығарып халық қозғалысын туғызса, 1986 жылғы көтеріліс Кеңестік коммунистік биліктің қазақ халқымен санаспай, республика басшылығына сыртан бөгде адамның жіберілуі жастар көтерілісін туғызады.

Осылайша 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер нәтижесінде патша тақтан құлатылып, Кеңес өкіметі орнатылса, 1986 жылғы қазақ жастары көтерілісі барысында сол Кеңестік үкімет құлатылып, қанды қол коммунистер билігі таратылады.

Бүгінде Желтоқсан көтерілісі жайындағы ақиқат толық ашылды. Оған қатысушылар түгенделді деп айту әлі ерте. Алайда біздің ұлттық бірлігіміз бен еліміздің тұтастығын сақтауда желтоқсаншылардың ерлігі ғасырдан ғасырға жалғасар ұлы тарих.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале