13.12.2023, 17:00
Оқылды: 47

Желтоқсан оқиғасын тоқтату қалай жүзеге асырылған?

1986 жылғы Желтоқсандағы жастар қозғалысын басып, жаншу үшін «Метель - 1986» атты жедел-қимыл жоспары құрылған.

жп дала

Аталған штабтың қарауына барлығы 2 928 адамнан тұратын үш жедел топ және арнаулы құрама отряды енген. Сондай-ақ 5 700 адамнан тұратын Алматы гарнизоны күштері қоса тартылған.

Оған қосымша КСРО ІІМ-нің арнайы ішкі әскерлерінің 5449 әскери бөлімі мен 7552 әскери бөлімі, Алматы қаласының 6554 әскери бөлімі, Алматы облысындағы Қаратемірден 5450 әскери бөлімі енгізіледі.

Сондай-ақ сыртан қосымша күш ретінде Фрунзе қаласынан 3408 және 5452 әскери бөлімдері, Ташкенттен 5426 әскери бөлімі, Челябі қаласынан 5427 әскери бөлімі, Новосибирь қаласынан 5424 әскери бөлімі, Уфадан 5425 әскери бөлімі, Свердловскі мен Тбилиси қаласының әскери бөлімдері барлығы 2 169 адам Алматыға жеткізілген.

Осылайша жоғарыдағы әскери құрылымдар «Метель - 1986» штабы ұйымдастырған операциялар негізінде алаңнан жастарды қуып тазартуға жіберіліп, көтерілісшілерді ұрып-соғу және ұстауға жұмылдырылған.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале