15.12.2023, 12:00
Оқылды: 64

Желтоқсан оқиғасына қатысқан 8 500 адам қамауға алынған

Жоғарғы Кеңес Төралқасы Комиссиясының бағалауынша, Желтоқсан көтерілісшілері өте қатал жазаланған.

жп орал кала (1)

Көрнекі фото

Жедел жәрдемнің 20 бригадасы зардап шеккен 540 адамды емдеу мекемелеріне жекізген, 209 адам ауруханаға жатқызылған, 1722 адам дене жарақатын алған. Жоғарғы Кеңес Төралқасы Комиссиясының есебі бойынша, ұсталғандардың жалпы саны 8500 адамға жуықтаған.

Прокуратурада 5 324 адамнан, МҚК-де 850 адамнан жауап алынған. 900-ге жуық адам соттардың, милицияның және кәсіпорын әкімшіліктерінің қаулысы бойынша әкімшілік тәртіппен жазаланса, (қамауға алынған, айыппұл төлеген, сөгіс алған, т.б.) 1400 адамға қатаң ескерту берілген.

Ресми дереккөздер мәліметі бойынша, 264 студент оқу орнынан шығарылған. Халыққа білім беру министрінің анықтамасында (1990 жылғы тамыз) оқудан шығарылғандардың саны 309 болған. (Денсаулық сақтау министрлігі мен Қатынас жолдары министрлігінің жүйесіне кіретін оқу орындарының студенттері мен оқушыларын есептемегенде). Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағының желісі бойынша оның 1922 мүшесі жазаланған (758 мүше комсомол қатарынан шығарылған, 1164-і қатаң сөгіс алған).

Партия қатарынан 53 адам шығарылған. Ал 210 адам партиялық тәртіппен жазаланған. Оқиғаларға қатысқан 319 адам жұмыстан қуылған. Соттың үкімімен 99 адам сотталған, оның екеуі ату жазасына кесілген.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале