19.04.2022, 9:45
Оқылды: 247

Жемқорлыққа қарсы жаңа бағыт

15 сәуір күні облыс әкімдігінде аймақтық комиссия отырысы өтті. Жиында комиссия мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.

6d998b6a-6a5b-42cb-8eb5-96bfeaf5c7d4

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов төрағалық еткен комиссия отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Амантай Рашкалиев, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Гүлзада Рахметова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Әлия Денизбаева баяндама жасап, іс-шара қатысушыларын жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа бағытымен таныстырды.

712097c0-2482-4f36-8ca4-7b210225fb78

– Сыбайлас жемқорлық азаматтарды негізгі құқықтарынан айырып, олардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне нұқсан келтіреді. Жалпы бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес алдын алу бағытындағы жұмысты күшейтуге бағытталған. Лауазымды тұлғалар сапалы орындалуы тиіс нақты міндеттермен танысты. Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен құрту бағытында бірлесіп жұмыс атқарсақ, ауқымды нәтижелерге қол жеткіземіз. 2021 жылы облысымызда сыбайлас жемқорлық бойынша 36 дерек тіркелді. 39 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деді Әлия Едресқызы.

89a3212f-23b3-4603-bea3-32bce247f7fa

Президенттің «Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары туралы» (2018 жылғы 15 ақпандағы №636) Жарлығында жобалық басқаруға көшу негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Жобалық басқаруды жүзеге асырудың алты блогы қарастырылған. Оның мәні – нәтижеге назар аудара отырып, әкімшілік-командалық басқарудан және шамадан тыс бақылаудан бас тарту. Осы бағытта төртінші блок «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ТБН-4) жұмысқа кірісті.

Гүлзада Жәрдемқызының айтуынша, облыс әкімдігі жанындағы «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы өз жұмысын жаңа сипатта «Адал болашақ орталығы» атауымен жалғастырмақ.

65f088e9-6415-4670-9f68-e4676c48e447

– Жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда түрлі шаралар қолданылуда. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағыттың іске асырылуы – өзекті және маңызды мәселенің бірі. Жоба шеңберінде бірлескен жұмысымыздың нәтижесі арқылы облыс бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес деңгейі анықталатын болады. Бұл жұмысты қарқынды түрде жүргізу қажет, – деді Арман Кәрімұлы.

Аталған жобалық басқарудың №4 үлгілік  базалық бағыты төрт аспектіні қарастырады:  бірінші – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; екінші – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою; үшінші – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; төртінші – квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Іс-шара соңында Сарайшық көшесі, 47 мекенжайында ашылған «Absolute integrity» алаңының атқаратын қызметтері жайлы біраз ақпарат айтылды.

Марлен Мәлікұлы,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале