21.06.2026, 17:30
Оқылды: 3

Жеңіл атлетика: Қазақстан құрамасы Азияны бағындырды

Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды olympic.kz.

1781959995

Фото: Федерацияның баспасөз қызметі

Көпшіліктің назарын аударған 4х400 метрлік аралас эстафета жарысында отандық жеңіл атлеттер мәре сызығын бірінші болып қиды. Құрама сапында өнер көрсеткен Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс 3:16.75 секунд нәтижесімен Азия чемпионы атанды. Бұл бәсекеде күміс медаль Үндістан құрамасына (3:17.06) бұйырса, қола жүлдені Қытай командасы (3:17.20) қанағат тұтты.

Азия біріншілігі бүгін, 21 маусымда өз мәресіне жетеді. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы 4х400 метрлік эстафета бәсекесінде де бақ сынап, жүлдеге таласады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале