19.10.2021, 21:37
Оқылды: 124

Жергілікті зауыт құтқарушыларға арналған қайық жасады

Құтқарушылар күні облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен танысты. ТЖД-ның әкімшілік ғимаратына кірген облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлын департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ернұр Өтегенов қарсы алып, қазіргі кезде облыстағы ахуал тыныш екенін баяндады.

F6712823-4990-49CE-8519-35751297B816

Құрылымдық бөлімшелердің бірі – дағдарыс жағдайларының басқармасы «112» қауырт желісінен қоңырау қабылдайды. Аталған басқарма бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Елена Арефина мұндағы төтеншеліктер төрт ауысыммен қызмет ететінін айтты. «112» операторлары төтенше жағдай қатері, қауіп-қатер дабылы, тұрғындардың көмек сұрауына байланысты ақпараттарды қабылдайды. «Жылдың қарбалас кезеңінде тәулігіне 30-ға тарта қоңырау келіп түседі. Бүгін түске дейін өрт оқиғасына байланысты төрт, апатты-құтқару жұмысына байланысты төрт ақпарат қабылданды», – деді подполковник.

Диспетчерлік қызмет тұрғындардың ұялы телефонына табиғи құбылысқа қатысты 223, төтенше жағдайға байланысты 161 ескерту хабарламасын таратқан.

«Дәрмен» мобильді қосымшасында push-хабарлама жарияланды. Департаментке қарасты күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы «101» желісі арқылы диспетчерлер қабылдаған ақпараттар негізінде шұғыл шешім қабылдайды.

Орталық бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Асхат Қыдыровтың дерегіне сүйенсек, биылғы 9 ай ішінде облыс бойынша 8 мыңнан астам қоңырау өңделіп, 1495 дабыл соғылды. Соған сәйкес өрт сөндірушілер мен құтқарушы жасақтар өз міндетін атқару үшін жедел аттанып отырды.

20FC64FC-51F9-4633-A7DB-0B594C1AF128

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласының Қ. Аманжолов көшесінде орналасқан № 5 өрт сөндіру бөліміне және өрт-техникалық орталығына барды. Тарихи ғимаратта орналасқан өрт сөндіру бөлімінің музейіндегі ескі жәдігерлерді көріп, мекеме тарихы туралы деректерге қанық болды.

Облыс басшысы Шаған өзенінің жағалауында орналасқан жедел-құтқару жасағының орталық базасында болып, сапқа тұрған жасақпен жүздесті. Орталық база қызметкерлері құтқарушыларға арналған жаңа қайықты көрсетті. Қазіргі уақытта сынақтан өтіп жатқан техника су бетінде шапшаң қимылдап, күрт бұрылыс жасайды, жүргізушінің көздеген әдіс-тәсіліне тез бейімделеді.

«Біздің жұмыс тәжірибемізді толық ескере отырып, «Гидроприбор» зауытының мамандары осы қайықты жасап берді. Қазіргі уақытта жаңа үлгідегі техника сынақтан сәтті өтуде. Қайықтың су бетінде мығым тұруына, жүріс жылдамдығына көңіліміз толады. Техниканың бір данасын сатып алу үшін зауытқа 1 200 000 теңге төлеу қажет», – деді № 1 құтқару бөлімінің жетекшісі Айвар Салыхов.

Орталық базада 22 автокөлік пен арнайы техника, маркасы әр түрлі 31 кіші қайық орналасқан. Одан бөлек құтқару жұмысы мен сүңгуге арналған құрал-жабдық сақталады. 70-тен астам адам қызмет ететін жедел-құтқару жасақ құрамында кинологтар мен улы газ тарағанда қызмет ететін қызметкерлер бар. Жасақ құрылғалы құтқарушылар 20 мыңнан астам шақыртуға шықты. Олар 7134 адамды (50%-ы – балалар) қатерден құтқарған, 6000 адамды қауіпсіз аймаққа эвакуациялаған, 1000-нан аса мәйітті іздеп тапқан.

3559A591-6AB1-449E-B3D4-37CF497E2A71

Төтенше жағдай департаментінің құрылымдық бөлімшелерінде 1 мыңнан астам адам қызмет етеді. Биылғы тоғыз ай ішінде 400-ге жуық өрт оқиғасы тіркелді. Оның ішінде ормандағы өрт ұзақ уақыт әбігерге салды. Төтеншеліктер өрт сөндіру, су тасқынының алдын алу, қысқы кезеңде қар құрсауынан құтқару, шомылу кезеңіндегі жазатайым оқиғаны болдырмауға күш салды. Қазіргі кезде қыста болатын төтенше жағдайларға қарсы тыңғылықты дайындық басталды.

Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін республикалық және бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінуде. Техникалардың 30 пайыздайын жаңарту қажет. Бөрлі ауданында өрт сөндіру бекеті салынуда. Алдағы уақытта Переметное мен Мичурин ауылдарынан жаңа бекеттер ашқымыз келеді. Жыл сайын өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың денсаулығына мән беріп, тұрақты түрде медициналық тексеруден өткіземіз. Құтқарушылар күнінде облыс әкімі құрылымдық бөлімшелер қызметімен танысып, алдағы жұмыс жоспары мен жаңа техника сатып алуға байланысты ұсыныс-пікірлерімізге құлақ асты, деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.

36E3E92E-AAA2-4DA4-BF63-69BC7FE45E01

D3377C2E-0FA6-4616-AF8A-CA39A0183E87

95FDE29D-52D3-4CFA-908F-2DF4754DA082

BDA25549-6649-48AC-A959-8FCE80A042B0

89FF5945-960F-4A58-88B3-83868EEFA2BC

2773271C-4878-45A7-9D1A-45EE37869711
D6C0724A-B098-4244-98E7-01991EC21BA6

65814017-D7BD-42F7-AC55-91BEC90833A5

24C77B4C-2649-4262-B782-EB7D92258E50

CA663E05-C006-47DB-8606-1095EF8C8CA2
Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале