20.07.2021, 11:31
Оқылды: 237

Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

ХХХІІ жазғы олимпиада ойындары 23 шілде  – 8 тамыз аралығында Токио  (Жапония) қаласында өтеді. Олимпиада ойындарының бағдарламасы бойынша 33 спорт түрінен 339  жиынтық медаль сарапқа  салынбақ. Қазақстандық  атлеттер 27 спорт түрінен 96 жолдама алды. Осынау байрақты бәсекеге Батыс Қазақстан облысынан екі спорт түрі бойынша 3 спортшы қатысады. Олар Павел Липилин  және Данил Артюх су добынан,  Георгий Шейко жеңіл  атлетикалық спорттық жүріс бойынша бақ сынайды.  

C34E6CED-03A4-4BDD-8F09-105083C4B674

Георгий Шейко –1989 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азия чемпионатының жүлдегері және Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2012 және 2016 жылдың жазғы олимпиада ойындарына қатысты.

Топтағы іріктеу нәтижелері бойынша 4 – 8 тамыз аралығында шешуші ойындары өтеді.

Георгий Шейко 5 тамыз күні 20 шақырым қашықтық бойынша жарыс жолына шығады.

Павел Липилин – 1999 жылы Орал қаласында жарық дүниеге көрінген. Су добынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қақпашы. Жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Тайланд, 2015 жыл). Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы (Джакарта, Индонезия, 2018 жыл).

Данил Артюх – 2003 жылы Орал қаласында кіндік қаны тамған. Қорғаушы. Жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Үндістан, 2018 жыл).

Су добынан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасы «В» тобында Австралия, Хорватия, Сербия, Испания, Черногория командаларымен кездеседі.

   zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале