2.09.2021, 17:02
Оқылды: 0

Жолдау нақты қадамдарға бастайды

Ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы – еліміздің тұрғындары үшін маңызды оқиға. Биылғы Жолдауда халықтың тұрмыс сапасын арттыру, елдегі тұрақтылықты сақтауға байланысты нақты қадамдар туралы айтылды.

ррр

Мемлекет басшысы қашықтан оқу кезінде Үкіметтің жіберген қателіктерін сынға алып, баланы жан-жақты дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиеге көңіл бөлу қажеттігіне тоқталып, 2025 жылға қарай алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етуді міндеттеді. «Кәсіпкерлік негіздері» пәні мектептен бастап жоғары оқу орнына дейінгі барлық білім беру сатысында оқытылуы керек» деген ойды  ата-аналардың қуаттайтынына сенемін. Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне назар аудару, «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтіру, олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау жөніндегі бастамалар да көңіл қуантарлық. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғаятыны туралы  мәліметті жұртшылық жылы қабылдады.

Жалпы Жолдауда мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері мен стратегиялық бағыттардың барлығы дерлік қамтылған. 

Рада Хайрушева,

«Аялы алақан» қайырымдылық қорының жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале