16.03.2022, 21:32
Оқылды: 107

Жолдауда халықтың көкейінде жүрген мәселелер айтылды

Ел Президенті  «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында халықтың көкейінде жүрген бірқатар мәселелерді айтты. Жолдауда сайлау жүйесін жетілдіру, сайлау үдерісін жаңғырту, партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. 

WhatsApp Image 2022-03-16 at 21.48.38

Болашақта Мәжілістің депутаттық корпусы аралас негізде құрылады. Яғни парламентарийлердің 70 пайызы пропорционалды, 30 пайызы мажоритарлы тәртіппен сайланады. Саяси партияларды тіркеу рәсімі енді айтарлықтай жеңілдетіледі. Оларды тіркеу шегін төрт есе, яғни 20 мыңнан 5 мыңға дейін төмендету ұсынылды. Бұл – өте  құптарлық іс. Өйткені саяси партиялар арасында бәсекелестік болады. Сондай-ақ тұрғындар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ойлары мен тұжырымдарын айтып, ұсыныстары болса, жеткізген абзал.

Магомед Черкесов,

«Наурыз» құқықтық және әлеуметтік-экономикалық даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале