10.04.2023, 21:44
Оқылды: 42

Жүргізуші мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып кетті

Оқиға 8 сәуір күні сағат 23:18 уақыт шамасында "Атырау-Орал" тас жолындағы Круглоозерное ауылының маңында орын алды. Бұл жөнінде БҚО ІІД хабарлайды.

WhatsApp Image 2023-04-10 at 17.59.03 (1)

WhatsApp Image 2023-04-10 at 17.59.03
33 жастағы "Hyundai Sonata" маркалы автокөліктің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жолдың белгіленбеген жерінен өткен 33 жастағы ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы кезінде 33 жастағы "Hyundai Sonata" маркалы автокөліктің жүргізушісі каннабиоидтарды (марихуана) қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале