28.09.2021, 10:37
Оқылды: 86

Жылу қашан беріледі?

– Биыл күз ерте түсті. Көп қабатты үйлердегі пәтерлердің  тұрғындары үй ішінің суықтығын, балаларының суықтап, ауырып жүргендерін айтады.  Қалада жылу қашан беріледі

Сәуле  Ізбасарова, қала тұрғыны

– Оралда күннің салқындауына байланысты жылуды қосуға тапсырыстар қабылдануда. Қазіргі кезде 34 мектепке дейінгі мекеме, 4 мектеп,  денсаулық сақтау саласының 3 нысаны жылумен қамтылды. Әзірге өтініштер бойынша жұмыстанамыз. Үш күн  қатарынан ауа райы +8 градустан  төмен болғанда тұрғын үйлерді жылуға қосамыз. Шаһарда көп пәтерлі 1206 үй бар, оның барлығы қысқы жылыту маусымына дайындықтан өтті. Енді олар осы аптада дайындық құжаттарын алулары тиіс, – деді «Жайықжылуқуат» АҚ-ның бас директорының орынбасары Бекболат Қамешов (суретте).

WhatsApp Image 2021-09-28 at 10.36.47

– «Жайықжылуқуат» кәсіпорны қыс маусымына дайындық жұмыстарын уақытылы жүргізді. Жылу қуат орталығын-дағы жылыту қазандықтары ауыс-тырылды, бірқатар жабдық жөнделді. Қаладағы бөлек тұрған
қазандықтар да дайын тұр. Көктемде және күз түсе жылу құбыр жүйесі гидравликалық сынақтардан өткізілді. Сол сынақтар кезінде жарылған құбыр бөліктері түгелдей ауыстырылды. Биыл жалпы 6008 шақырым жылу құбыры жаңаланды. Алдағы жылыту маусымына жақсы дайындықпен кіргелі отырмыз, – дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале