15.04.2024, 15:20
Оқылды: 51

Жылжымайтын мүлік құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетіледі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаевтың қатысуымен өткен брифингте "Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру" қызметі қалай жүзеге асырылатыны айтылды.

IMG-20240415-WA0136

Спикердің айтуынша, бұл құжаттарды алу механизмі екі бағытта жүргізіледі екен. Біріншісі халыққа қызмет көрсету орталығына өтінім беру арқылы болса, екіншісі электрондық үкімет «Егов» платформасы арқылы жүзеге асырылады.

– Бұл қызметті көрсету нәтижесі кадастрлық паспорттың телнұсқасы. Порталға көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі. Осы қызметті көрсету мерзімдері жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты. Мысалы пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстарының құжаттары бірінші жұмыс күні беріледі. Былайша айтқанда ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі болатын жылжымайтын мүлік объектілері екінші жұмыс күні беріледі. Ал жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын объектілердің құжаты бір үш жұмыс күні аралығында дайын болады, - деді Надир Құрымбаев.

Жоғарыда аталған құжаттарды алу үшін құқық белгілеуші құжаттың сканерленген көшірмесі, электронды үкімет порталы арқылы жүргізілген төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі сияқты құжаттар керек.

Сонымен қатар Надир Шамұратұлы Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері эвакуациялық орталықтарға барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға, түсіндірме кеңес беру жұмыстарын жүргізіп, жылжымайтын мүлік құжаттарына қатысты сұрақтарға жауап беріп жатқанын да айтты.

– Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері тұрғындардың жылжымайтын мүліктерінің құжаттарын тексеріп, құжаттары толық емес немесе жоғалған жағдайда қандай әрекет жасау керектігі және тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарды тіркеу үшін қандай мекен-жайға бару қажеттілігін түсіндіріп жатыр, - деді Надир Құрымбаев.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале