8.10.2019, 12:11
Оқылды: 125

Жымпитыда 15,2 млн. теңгеге бейнебақылау камерасы орнатылған

Бұл жайлы Өңірлік коммуникация қызметі өткізген брифингте Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев айтып берді.

-Сырымда биыл 116 қылмыс тіркелсе, оның 79,5% ашылды. Тіркелген қылмыстардың ашылу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға өсті. Мал ұрлығына қатысты 26 қылмыс тіркелді.

Жолда қараусыз жайылып жүрген малдың көлікке соғылуынан 7 оқиға тіркелді. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында 136 бас жылқыға жарық шағылыстырғыш лента тағылды.

Сонымен қатар қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында 15,2 млн. теңгеге Жымпиты ауылында бейнебақылау камерасы орнатылды, - деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале