9.09.2026, 21:13
Оқылды: 30

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні: Жайық Аренада үздіктер бас қосты

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне орай Жайық Аренада ұлттық зияткерлік ойыннан БҚО тоғызқұмалақ федерациясының кубогі сарапқа салынды.

Ұлттық ойынды ұлықтаған додаға Орал қаласы мен облыс аудандарынан 160-тан астам спортшы қатысуда. Қатысушылардың ең кішісі – небәрі 5 жаста.

Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, БҚО мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, БҚО тоғызқұмалақ федерациясының президенті Мұхтар Манкеев, спорт ардагерлері мен ұлттық ойын жанашырлары қатысты.

Фотоға түсірген: Бекзат Қанәділ

 22af7dd5-bbb7-43ae-8882-ef188500a132 5bfb1bbe-6491-4cd4-9543-23703d0fc7ce 613d0743-4324-412b-a3b0-d757f1ec4a3a 925fd736-5e3b-431b-9df3-1e05df3d2e93

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале