20.07.2016, 10:16
Оқылды: 33

Мегажоба Теректіде

 Мегажоба          «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажоба аясында Жәнібек ауданы делегациясы Теректі ауданында болды.

Алдымен қонақтар жеңіс алаңындағы «Азат етуші жауынгер» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ел мен жер үшін жанын пида еткен боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Одан әрі Теректі ауданының әкімі М.Рахметұлы қонақтарға орталық саябақ және Ардагерлер үйін таныстырды. Достық үйін тамашалаған жәнібектік делегацияны Теректі ауданындағы этно-мәдени орталықтардың өкілдері қарсылап, дәм ұсынды. Мегажоба

Содан соң «Менің елім – Мәңгілік Ел» атты дөңгелек үстел басында қос ауданның жетістіктері мен алға қойған жоспарлары талқыланды. Алдымен аудан басшысы М.Мұқаев қонақтарға тағы бір мәрте қош келдіңіздер айтып,  теректіліктердің бүгінгі тыныс-тіршілігін тілге тиек етті. Жиын барысында Жәнібек ауданы әкімі Н.Қарағойшин, Жәнібек аудандық мәслихатхатшысы Т.Қадимов және қонақ ауданның қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Әліпқалиев қонақжайлық танытқан аудан халқына алғыс білдіріп,  екі ауданның достығы мәңгілік болғай деп тілек білдірді. Дөңгелек үстелде сөз алғандардың қатарында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғ.Қапақов, аудандық ардагерлер алқасының төрағасы С.Қоқашев және «Теректі ауданының Құрметті азаматы» А.Попов болды. Аталмыш жиынның соңында денсаулық, мәдениет, спорт тағы басқа салалар бойынша екі жақты меморандумға қол қойылды.

Кейін Мәдениет үйінде аудан халқының назарына жәнібектіктер кереметтей концерттік бағдарлама ұсынды. Концерт соңында Жәнібек ауданының әкімі Н.Қарағойшин  «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының эстафетасын Теректі ауданының әкімі М.Мұқаевқа салтанатты түрде табыстады.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ
Теректі ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале