11.07.2016, 11:44
Оқылды: 40

Тасқала ардагері 90 жаста

Тасқала ардагері Тасқала ауданы əкімі Санжар Әлиев, аудандық мәслихат хатшысы Сансызбай Рахимов жəне Тасқала ауылдық округінің əкімі Светлана Өтемісова ақсақалды мерейтойымен құттықтап, шаңырағында болды.


Дастархан басында алдымен сөз алған Санжар Жұматайұлы ақсақалға ұзақ ғұмыр тілеп, ел үшін еткен ерен еңбегі ескерусіз қалмайтынын айтты. Сондай-ақ жеңіс жауынгерінің иығына шапан жауып, естелік сыйлықтар мен алғысхат табыстады.

- Атам Ілияс " Кəрілікті мен шақырғам жоқ. Өзі келді. Ауыздағы отыз тісті алды. Бойдағы қайрат, күшті алды" деп айтып отыратын. Сол күнге біз де жеттік. Ұмытпай ескеріп келгендеріңе көп рахмет. Алла сендерге де осындай ғұмыр берсін, - деп ардагер келгендерге алғысын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Р.Сатыбалдиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале