12.07.2016, 17:19
Оқылды: 35

«Тәуелсіздіктің бесігі - Астана!»

«Тәуелсіздіктің бесігісің, Астана!»Қаратөбе ауданына қарасты Сулыкөл ауылдық округінің көркемөнерпаздары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында аудан орталығында концерттік бағдарлама ұсынды.


«Тәуелсіздіктің бесігі - Астана!» тақырыбында өткен Сулыкөл ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің концерттік бағдарламасы қазақтың бас қаласы Астанаға арналды. Концерт «Еркеназ» би тобының биімен ашылды.

Көрермендерге сазды сәлем жолдаған дуэт «Нұраға», «Аққу арманы» әндерін шырқаса, ауыл әншілері «Қазақстан» әнін, Әділқазы Досқалиұлы «Қазақстан», «Қызыл құмда ауылым», «Мерекем», «Қазағым-ау», «Ауылдас, бауыр, ағайын», «Қазақстан бақытты» әндерімен бірге «Ерке сылқым» күйі де тартылды.

www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале