5.08.2016, 10:12
Оқылды: 50

Шаһардағы керемет күн

Шаһардағы керемет күнОрал қаласына саяхаттап тұру Ақжайық ауданындағы Жұбан ауылының ұл-қыздары үшін игі дәстүрге айналды.


Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы мұражайдан басталған саяхат Жәңгірхан атындағы университеттегі мұражайда жалғасты. Содан соң шәкірттер Жұбан Молдағалиевтың ескерткішіне тағзым етіп, оның өмірдегі де, өлеңдегі де інісі, серігі Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында болған-ды.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы Тұңғыш Елбасымызға арналған бөлме, Мемлекет басшысның қолтаңбалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі жайында ұл-қыздар тебіреніске толы шығарма жазып, толғаныстарын ауылдағы тұстастарымен бөлісті. Осындай саяхатты ұйымдастырған ата-аналарға, мектеп басшылығына, директордың орынбасары Т.Серікқызы мен тәлімгер Қ.Маратұлына олар шексіз алғыс айтты.

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале