17.08.2016, 16:35
Оқылды: 14

Қаратөбе ауданында еңбек жәрмеңкесі өтті

Жас маманға мүмкіндік17 тамыз күні Қаратөбе аудандық Мәдениет үйінің фойесінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мұрындық болуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.


Шараға аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали,  жұмыс беруші мекеме басшылары, сонымен қатар жұмыс іздеушілер  мен кәсіптік жоғары, арнаулы орта білім алған жұмыс іздеуші жастар қатысты.

Жәрмеңкенің  ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов жұмыс іздеуші жас мамандарға қош келдіңіздер айтып, жәрмеңкенің мақсатын түсіндіріп өтті.

Жәрмеңкеде жұмыс іздеуші ретінде тіркелген 85 жас маманға, 76 бос жұмыс орыны ұсынылды.

Жәрмеңке қорытыңдысында 45 жас маман мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты. Биыл жұмысқа орналасқандардың басым бөлігі білім беру саласында. Білім беру саласына 22 жас маман орналасса, тәрбиеші 10 маман, әр түрлі сала бойынша 13 маман жұмыс тапты.

 

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале