25.11.2019, 12:40
Оқылды: 32

Тұрғындарға көмек көрсетілді

"Медицина жаныңда" акциясы аясында Қазталов аудандық аурухананың терапевт, стомотолог, хирург, көз дәрігері аудан шалғайдағы елді мекендерге барып, медициналық көмек көрсетті.

qaztalov med (2)

Акция барысында Қазталов ауданының Қарасу, Жұлдыз ауылдарының, Жәнібек ауданының Борсы, Жақсыбай, Талов елді мекендерінің, Бөкей орда ауданының Құрманғазы, Ұялы, Бөрлі ауылдарының тұрғындарына тегін медициналық көмектің қолжетімділігі және 2020 жылдың қаңтарынан басталатын әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы айтылды.
Әлеуметтік акция аясында медициналық орындары жоқ шалғайдағы елді мекендегі тұрғындарға медициналық және консультациялық көмек көрсетілді.

Гауһар Әділжан

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале