14.07.2017, 18:39
Оқылды: 75

16 студент ЭКСПО-ға аттанды

Janakala ekspo tur   «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Жаңақала ауданынан алғашқы легі болып  Жаңақала колледжінің студенттері  аттанды.


   Студенттерді шығарып салуға аудан әкімінің орынбасары Айзада Шүкірғалиева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Елжас Қадыров, колледж директоры Серік Жәрдемалиев және ата-аналар қатынасты. Олар екі  күндік сапармен Елордаға аттанып баражатқан студенттерге ақ баталарын беріп, сәт сапар тіледі.

   Балаларға осындай қуаныш сыйлап, олардың Елордада демалып қайтуына демеушілік танытқан –Жаңақала колледжі. Олар «Сарыарқа» туристік агентігінен әр балаға 51 мың теңге төңірегінде тұратын жолдама сатып алып, сол арқылы аз қамтылған, тұл жетім және колледждің үздік студенттерін Астана қаласындағы ғаламат шараға аттандырды.

  Студенттермен бірге  колледждің 3 педагог қызметкері де аттанды. Астанада балаларекі күн бойы арнайы бағдарлама бойынша демалып, әлемді қызықтырған көрмені аралайтын болады.

Н.ҒАББАС

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале