15.10.2021, 18:47
Оқылды: 98

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жақсыбай ауылдық округіндегі М.Ықсанов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің ауласында мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахим Ықсановтың ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.

F30DDDB1-7FBC-4C99-8C4A-AFE28342DC4D

Шара басталмас бұрын М.Біләлұлының рухына Құран бағышталды. Әрмен қарай аудан әкімі Азамат Сафималиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев ескерткішті салтанатты түрде ашып, аудан басшысы сөз алды.

4617936F-F7A1-4819-9828-47B8A89A52AC

-Мұстахим Біләлұлы еліне, халқына кіршіксіз, таза, адал қызмет етті. Өмірде де, отбасында да өнегелі адам болған. Қатардағы теміржолшылардан республика басшылығына дейін өскен тұлғаның өмірі, еңбек жолы әр азаматқа нағыз үлгі, өнеге. Есімі тарихта қалған тұлғаның ескерткішін жасатып, мектеп ауласына орнатқан Жақсыбай ауылының 1991 жылы бітірген мектеп түлектеріне алғыс білдіремін, - деді А.Сафималиев.

Салтанатты жиында Азамат Сафималиұлы мен Амангелді Мырзағалиұлы, сонымен қатар Жақсыбай ауылдық ақсақалдар ұйымының төрағасы Елеусін Тілебалиев пен ардагер-ұстаз Сансызбай Закарин ескерткішке гүл шоғын қойды.

Шарада 6-сынып оқушысы Дәулетхан Серікқали ақын Асылбек Ишановтың «Ықсановқа арнау» өлеңін мәнерлеп оқып берсе, домбыра үйірмесінің жетекшісі Есім Тұяқбаев «Туған жер» әнін орындады.

Әрмен қарай мерекелік іс-шара мектеп мұражайына саяхат және «Ықсанов – біртуар жан, асқақ тұлға!» атты конференциясымен жалғасын тапты. Конференцияның шымылдығын аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина ашып, шараға жиналғандарды ескерткіштің ашылуымен құттықтады. Конференцияда 7-сынып оқушысы Аружан Төлеген «Тағдыр шыңдаған тұлға», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лидия Берікқалиева «Ақжайықты ажарландырған азамат» атты баяндамалары тыңдалды. Жиын барысында А.Уәлиев «М.Ықсанов атындағы қоғамдық қоры» басшысының атынан Лидия Қуанышбекқызына алғыс хат табыс етті.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале