Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Аналар кеңесіне қатысты
30 Қыркүйек 2023

Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Аналар кеңесіне қатысты

«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»
29 Қыркүйек 2023

«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр
29 Қыркүйек 2023

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады
29 Қыркүйек 2023

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді
29 Қыркүйек 2023

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
29 Қыркүйек 2023

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

2022 жыл қорытындыланды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында жылды қорытындылаған жиын өтті.

Жиынға аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасарлары Жақсылық Абдолов, Асхат Молдағалиев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік, мекеме-бөлім басшылары, ауыл әкімдері қатысты.

IMG_5986

-Бір жыл ішінде ауданның дамуы қарқынды болды. Аудан орталығындағы көшелерге қатқыл жолдар төселіп, түрлі нысандар ашылды. Көшелер жарықтандырылып, өңірлерді дамыту бойынша жобалар іске асты. Ауданымыздың ғасырлық тойы кең көлемде аталып өтті. Сондай-ақ аудан және ауылдық округ әкімдерінің есеп беру форматы өзгеріп, соған сәйкес аудан әкімі аудан аумағындағы ауылдық округтерге тоқсан сайын шығып, тұрғындармен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың есебі берілді. Кездесулерде көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспары жасақталды, - деді жиында басшысы Азамат Сафималиұлы.

IMG_5990

Жиын барысында А.Сафималиев 2022 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан Қабаш Жүнісов, Сәуле Исмағұлова, Таумұрат Ғұсманов және Қуанышбек Нүсіпті «Жәнібек ауданының 100 жылдығы» медалімен марапаттады.

IMG_5995

Сонымен қатар аудан басшысы аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетіне 2023 жылдың I жартыжылдығына жазылуды ұйымдастырған мекемелерге «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Табылғали Сапаровтың атынан алғысхаттар табыс етті.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале