22.03.2023, 19:53
Оқылды: 61

Жәнібек ауданында Наурыз мерекесі дүркіретіп тойланды

Бүгін Жәнібек ауданында 22 Наурыз мерекесі тойланды. Дүркіреп өткен мереке түрлі ән мен би, күй мен сахналық көріністерге толы болды.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 16.34.47

WhatsApp Image 2023-03-22 at 16.34.48
Аудан әкімі Азамат Сафималиев сөз сөйлеп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.
Аудан өнерпаздары өз өнерлерін жұртшылыққа ұсынды. Ақсақалдар киіз үйлерді аралап, жастарға батасын берді. Ұлттық ойындар дәріптеліп, аудан жұртшылығы бір жасап қалды.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 16.41.00

WhatsApp Image 2023-03-22 at 16.40.58 (2)

Аудан әкімі Азамат Сафималиев пен ауданымыздың данагөй бір топ қариялары мерекеде бірге болып, барша қазақты құттықтады. Киіз үйлердегі ұлттық нақыштағы көрмелерді тамашалап, тағамдардан дәм татып, өнегесі мол әңгімелер айтты. Аудан жұртшылығы дән риза.

Атқа мінген жәнібектік жас әншілер мен шабандоздар көрермендерге рух сыйлады һәм шабыт берді. Алдар көсе мен Қожанасыр да ерекеше көңіл-күй тарту етті.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 16.34.50

WhatsApp Image 2023-03-22 at 16.34.51

WhatsApp Image 2023-03-22 at 16.34.53 (1)

Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз мерекесінде ұйыдастырылған қол күресте нәзік жандылар арасында жүлделі 1-орынды жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мөлдір Әбдірешова иеленді.

WhatsApp Image 2023-03-22 at 16.40.56

WhatsApp Image 2023-03-22 at 16.40.57

WhatsApp Image 2023-03-22 at 16.34.53

WhatsApp Image 2023-03-22 at 16.34.52 (2)

Қыдыр атаның көпке берген батасы, ақжаулықты әжелердің әуелете шырқаған әндері, бүлдіршіндердің билері мен ән айтқан тәтті үндері, аудан әншілерінің қоңыр дауыстары және арнайы ұйымдастырылған ұлттық ойындар... Бәрі жарасым тапқан Жәнібек ауданының Наурыз мерекесін суреттерден тамашалаңыздар!

 

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале