25.08.2022, 11:00
Оқылды: 64

57 оқушыға демеушілік жасады

Санаулы күндерден кейін оқушылар жаңа оқу жылына аяқ басады. Қазіргі уақытта мектепке оқушыларды дайындау көп қаржыны талап ететіні белгілі, әсіресе көпбалалы жанұяларға қиынға соғады. Жыл сайын Ақжайық ауданы орталығы мен ауылдық округтерде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясының ықпалы өте зор екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар ауылдастарының жағдайына бейжай қарамайтын жомарт жандардың да көмегі зор.

3

Биыл Базаршолан ауылында аталмыш игі істі қолдап, демегендердің қаржысы қомақты. Балалар жылына орай және акция шеңберінде ауылдық округ әкімі Мұрат Жұмашев ұйымдастырумен өткен шарада «SRPM RESOURCES LTD» жеке компаниясының директоры Лейла Қасыманова және компания акционері Денис Черкашин 57 оқушыға  1 млн. 200 мың теңге көлемінде демеушілік жасап, оқушыларға оқу құралдары мен сөмкелерін және киім-кешектерін алып берді.

- Иә, ұйымдастырушылар мен қаржылай демеушілік жасағандарға ата-аналар дән риза. Өздерінің ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтуда. «Берсең, балаға бер» деген қанатты сөздің мәнін ұғып, жомарттық танытқан жандарға біз де рақмет айтамыз,- дейді ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Сәкен Қарашин.

Әсет Орынғали,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале