9.12.2020, 16:49
Оқылды: 45

"7Live" жобасының жетекшісі Әлішер Ғұмаров әлеуметтік желілер жөнінде іс-шара өткізді

Әлемде 40 мыңның шамасында мамандықтың түрі бар болса, соңғы кездері видео түсіру және өңдеу саласы да кең сұранысқа ие болып, бәсекеге қабілетті кәсіп түріне айналып келеді. Бейне, фото түсірілім мазмұны мен сапасына қойылатын талап та өте жоғары.

алишер 2

Облыстық "Үркер" өнер-мәдени қолдау орталығы жеке қорының директоры және "7Live" жобасының жетекшісі Әлішер Ғұмаров әлеуметтік желілер мен жаңалықтар сайтына жарқын әрі тартымды бейнеролик түсіру әдістерімен, фото-бейне монтаждауға арналған бағдарламалармен жұмыс жасаудың қыр-сырын үйретті.

Айта кетелік, аталмыш шараға түрлі мекемелердің әлеуметтік желіге жауапты өкілдері, әуесқой операторлар қатысты.

- Бүгінгі таңда әлеуметтік желі кез келген мемлекеттік орган, білім ордалары, өзге де орталықтардың жұмысын дәріптеп, көпке танытатын бірден бір құрал екені сөзсіз. Алайда, ресми парақшаларды жүргізуде әлі де кем-кетіктер орын алып жатады, - деді Әлішер Ғұмаров.

Оның айтуынша, желіге мәлімет жариялауда оқырман қызығушылығын тудырып, оқылым санын арттыру үшін ақпаратты берудің түрлі әдіс-тәсіліне көңіл бөлу керек. Әдеттегі жиын-шаралардан бейнетүсірілім жасау да ұтымды. Фоторепортаждарды сәтті, сапалы түсіру үшін экспозиция, жарық, ракурс сияқты негізі талаптарды игеруді қажет етеді және "Третей ережесі", әйгілі фотограф Стивен Микхерннің қайталанбас фото түсірудің тоғыз әдісіне жүгіну де аса маңызды.

алишер1

Сондай-ақ, бейнекөріністер түсірерде алдын ала сюжетін пысықтап, кадр үйлесімділігі, декорациялық элементтер, музыкасын таңдау және оны өңдеу секілді жайттарға дейін ойластырған дұрыс. "Таймлапс", "аэролапс", "панорама" сынды режимдерді қолданудың артықшылықтарын да білген жөн.

Аталмыш шараның фото-видео түсіруге шыңдап кіріскен жандарға үлкен серпіліс бергені сөзсіз.

Арайлым Әжіғали,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале