21.10.2022, 11:00
Оқылды: 42

8 учаске сайлауға дайын

Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев пен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұстахим Қабдысалиев Талов, Жақсыбай, Борсы, Қамысты, Тау ауылдық округтері мен Майтүбек, Тегісшіл, Жұмаев елді мекендерінде болып, сайлау учаскелерінің ұйымдастырылуын тексерді.

9

20 қазаннан бастап ауданның барлық 19 учаске өз жұмыстарын басталды. Осы орайда аудан әкімі №147, 148, 149, 150, 151, 152, 153, 154 сайлау учаскелеріндегі туындаған мәселелер, ұйымдастыру жұмыстары бойынша аталмыш сайлау учаскелердің комиссия мүшелерімен кездесті.

Барлық учаскелердің жағдайы жасалған. Жабдықтар жеткілікті. Сайлау учаскелері 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге дайын.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале