22.10.2022, 15:15
Оқылды: 57

90 жылдыққа керемет тарту

Биылғы жылы құрылғанына 90 жыл толып жатқан Талдықұдық ауылдық округі тұрғындары үшін берекелі жыл болды десек артық болмас. Шалғайда орналасқан ауыл былтыр көгілдір отынмен қамтылса, биыл орталықтағы С.Есетов атындағы білім ордасы күрделі жөндеуден өтті. Ал ауыл тұрғындары үшін басты мәселе болған таза ауыз су жүйесін іске қосу «AMANAT» Казталов аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасына енген болатын. Сол сайлауалды бағдарлама облыс, аудандағы атқамінер азаматтардың араласуымен іске асты. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Талдықұдық ауылында таза ауыз мәселесіне нүкте қойылып, таза су қондырғысының құрылыс жұмыстары басталған еді.

3

Бүгін Республика күні қарсаңында талдықұдықтық ағайындар қуанышқа бөленіп, таза ауыз су жүйесі іске қосылды. Құрылыс жұмыстарын уақтылы және сапалы атқарған мердігер мекеме – «Байсын-А» ЖШС.

5

Аудан үшін стратегиялық маңызы бар нысанның ашылу салтанатына арнайы келген Казталов ауданы әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтап, құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтаған мердігер компания өкілдеріне ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірді.

1

Көптен күткен таза ауыз су қондырғысының лентасы қиылып, іске қосылды.

6

Мердігер «Байсын-А» ЖШС-нің директоры Абзал Нұрғали ауыз суды тазалайтын қондырғы жұмысымен таныстырды.

4

Оның айтуынша, каналдан су сорғымен тартылған су ең алдымен арнайы тазарту қондырғысынан өтіп, мұнараға жиналады. Содан кейін ғана ауыл тұрғындарының үйлеріне жеткізіледі.

7

Сағатына 3,5 куб литр жылдамдықпен айдалып тұрған таза ауыз суға Талдықұдық ауылындағы 120 үйдің 70-і қосылған. Қалған үйлерге де су кіргізіп жатқанын жеткізді мекеме басшысы.

8

Ауыл таза су жүйесіне қосылып, төбесі көкке жеткен шаңырақтың отанасы Жанна Баймағанбетова да қуанышын жасырмай, аналық алғысын жаудырды.

9

- Бүгін біздің ауыл үшін үлкен қуаныш. 90 жылдыққа керемет тарту болды. Мемлекетіміздің басты байлығы – халық болса, сол халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында қызмет жасап жүрген «AMANAT» партиясы аудандық филиалына, аудандық мәслихат депутаттарына, аудан басшыларына, құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме өкілдеріне алғыс айтамыз! Ауылдағы ағайынның әлеуметтік жағдайы жыл санап жақсарып келеді.

2

Расында, ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін Казталов ауданында нәтижелі жұмыстар молынан атқарылуда. Оған бәріміз куә болып жүрміз.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале