9.01.2020, 14:52
Оқылды: 63

"Абайдың ойшылдығы діни талғам-танымынан да айқын көрінеді"

Бүгін қазақстандықтар, соның ішінде әлеуметтік желі қолданушылары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХІХ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласын қызу талқылауда.

syrym imam

Абай - қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, біртуар ақын. Бірақ, Абайды тек ақын деп қарасақ, оның болмысын толық аша алмаймыз. Абай - ең әуелі қазақ, мұсылман. Ол - медресе бітірген дін адамы, қазақ даласына илаһи дінді жаюға, ислам нұрын таратуға үлес қосқан ұлы тұлға. Ол медреседен алған білімнің өзімен әлемнің адамына айналды. Оның әр сөзі - уағыз, әр өлеңі - насихат. "Адамды сүй, Алланың хикметін" сез деген Абай өлеңі арқылы өз дәуірін ғана емес, тұтас буындарды адамдықтың шыңына жетелеп келеді.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев мақаласы арқылы Абайтану ісін жаңа жолға салды, жаңа биікке көтерді. Абайды таныған адам Алланы таниды. Абайдың асқан ойшылдығы оның діни талғам - танымынан да айқын көрінеді. "Алланың өзі де рас, Сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас" дейді. Біздің ойшыл Абай, хәкім Абай - әлемдік деңгейде осы діни көзқарасы арқылы биіктей беретін тұлға", - деп бағалайды. Біздер дін қызметкерлері Абайтану қозғалысына үлес қосуға дайын отырмыз. Ислами құндылықтарды қазақтың жүрегіне жеткізуде Абайдың шығармашылығы - үлкен идеологиялық құрал болмақ.

Әділхан Наурызбай

Сырым аудандық мешітінің бас имамы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале