22.08.2018, 12:39
Оқылды: 121

«Адал жол» эстафеталық марафонын Қаратөбе қабылдап алды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай Қаратөбе ауылының орталық алаңында «Адал жол - честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өткізілді. Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан бастаған топ Сырым ауданынан келген делегаттарды ауданның кіреберісінде көк туды желбіреткен авто және велошерушілермен ақ ұсынып күтіп алды.

Облысымыздың барлық аудандарын қамтып отырған марафонға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, Сырым аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Наргужиев, Сырым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Галиев, Жымпиты ауылдық округінің әкімі Арман Баяндықов және аудандық мемлекеттік орган қызметшілермен қатар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

– Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен 26 наурыздан бастап БҚО үлкен марафон жүзеге асып келеді. Міне, бүгін 9-шы аудан болып Сырым ауданы осы марафонды көрші Қаратөбе ауданына табыстағалы отырмыз. Эстафетаның негізгі мақсаты – Елбасы жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру. Эстафета барысында Сырым аудан орталығы мен ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірнеше шаралар өткізілді. Бұның бәрі біз бен сіздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысумыз деп білемін,- деп мінбеде сөз алған Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафонының кітабын Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтанға салтанатты түрде табыстады.

Марафон аясында аудан жастарының жемқорлыққа қарсы флэшмобы өткізіліп, аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Марафон барысында алдағы онкүндікте бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандағы мүдделі мекемелер мен ауылдық округтерде іс-шаралар өткізіледі.

Аталмыш эстафета кітабын 3 қыркүйек күні Қаратөбе ауданының делегаттары көршілес Шыңғырлау ауданына жеткізеді.

Ажаргүл ӘЛИЕВА

Қаратөбе ауданы

IMG_3304

IMG_3362 IMG_3379 IMG_3329

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале