21.09.2022, 18:19
Оқылды: 69

Аға буын архив хақында

Бүгін Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханада Казталов аудандық мемлекеттік архив қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

WhatsApp Image 2022-09-21 at 10.45.09 (5)

Дөңгелек үстелге еңбек ардагері Уалиолла Әбішов, архив саласында көп жылдар қызмет еткен Есентай Темрешов, Батыс Қазақстан облысының архивтер басқармасының Жалпақтал филиалының директоры Мержан Қарабалин және Казталов мектеп-лицейінің оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Алдымен, аудандық мемлекеттік архив директоры Назгүл Мұстафина архив қызметінің қалыптасу тарихы туралы баяндама жасады. Кейіннен шара қонақтарына кезекпен сөз ұсынылып, дөңгелек үстелде архив ісінің маңызы мен рөлі жөнінде мәселелер талқыланды. Еңбек ардагері Уалиолла ағамыз мемлекеттік архивтің ел тарихын қалыптастырудағы ерекше рөлі мен қазіргі кезде әлі де архив саласына жете көңіл бөлінбей келе жатқанын тілге тиек етті. Өңіріміздегі соғыс және тыл ардагерлерінің ерен еңбегін жастар бойына сіңіруде жасалынған жұмыстар мен алдағы уақытта аудан көлемінде осы бағытта атқарылар жоспарлы жобаларға тоқталды. Аталмыш салада талай жыл еңбек еткен зейнеткер Есентай ағамыз архив жұмысының сырт көзге ғана жеңіл көрінерін, шын мәнінде мұрағатта мемлекеттің мол мұрасы сақталарын, ондағы жауапкершіліктің үлкен екендігін жеткізді. Өңір тарихында зерттелмеген деректердің көп екендігін айтып, оқушылар арасынан болашақта мұрағатшылар мен тарихшылар шығып аудан тарихының тағылымды тұстарын түгендейді деп сенім білдірді. Батыс Қазақстан  облысының архивтер басқармасының Жалпақтал филиалының директоры Мержан Маратұлы Жалпақтал ауылындағы архивтің құрылу тарихы, жұмыс барысы және ондағы сақтаулы құжат қоры туралы ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар архивте құжаттардың сақталуы арнайы заңдылыққа сәйкес жүргізіліп отыратынын, әрбір адамның өмір жолы мен еңбек тарихы осы архивтерде сақталатынын түсіндірді. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістемелік бөлім жетекшісі Гүлжан Базартаева өз жұмыстарында қолданылатын әрбір мәлімет пен деректерді тауып беруде архивтің маңызы ерекше деп қызметкерлерге алғысын білдірді. Дөңгелек үстел барысында кеш қонақтарына оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, нақты жауаптар алынды. Мектеп оқушылары алдарына қойылған ескі құжаттармен танысып, аға-апаларының жауаптары арқылы архив жұмысының сырына қанықты.

WhatsApp Image 2022-09-21 at 10.45.09 (8)

Шара соңында белсенді ой-пікірін білдіріп, ұтымды сұрақтарын қоя білген оқушыларға дипломдар табыс етіліп, кешке келіп қатысқан қонақтарға алғыс айтылды. Аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастық сипатында өткізілген шараөскелең ұландарды тарих тұңғиығына жетелеп, сан жылдық сарғайған суреттер оқушылар санасына сәуле шашты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале