31.12.2021, 12:30
Оқылды: 101

Айдын Елемесов - Азия чемпионы

Түркиядан қуанышты хабар жетті. Жерлесіміз, Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Айдын Елемесов Түркияның Стамбул қаласында пауэрлифтингтен өткен жарыста Азия чемпионы атанды. Халықаралық додада еліміздің көк байрағын жоғары көтерді.

8374C242-BACB-4CBB-9EB7-32E305679F92

Айдын - Қазақстан Республикасының төрт дүркін чемпионы. Енді, міне, Казталов өңірінен тұңғыш рет Азия чемпионы шықты деп мақтанышпен айтамыз! Айдын Елемесұлын казталовтықтар мықты бапкер ретінде жақсы таниды. Ол балалардың бойындағы қабілетін жетілдіріп, спортқа баулыды. Шәкірттері де талай мәрте топ жарып, жоғары нәтиже көрсетіп жүр.

Казталов - өнердің ордасы болуымен қатар спорт саңлақтарының және оның Тұңғыштар мекеніне айналды. Олимпиада чемпионы - Данияр Елеусінов, әлем чемпионы Нұрбол Серіков болса, енді чемпиондар қатарына Айдын қосылды.

 Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале