4.04.2022, 18:00
Оқылды: 64

Айлардың сұлтаны – Рамазан

Қаратөбе аудандық мешітінде мұсылмандардың ұлық мерекесі, айлардың сұлтаны – Рамазан айы ұлықталды. 

IMG-20220404-WA0083

Қасиетті Рамазан айында аудан тұрғындары мешітте бас қосты. Мешітке келуші жамағат аудан имамының Оразаға қатысты тәлім-тәрбиеге толы, уағыз-насихатын тыңдап, ораза ұстаудың тәртіптері турасында мол мағлұматтар алды.

Аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев қасиетті айдың берекесіне тоқталып, мешітке келуші жамағатты Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Аудандық «Ізгілік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмірбек Жәнібеков те мешітке келуші жамағатқа қасиетті айда жасалынатын сауабы мол амалдар жайында ой қозғап, ораза ұстауға ниет еткен аудан тұрғындарына ізгі тілегін жолдады.

IMG-20220404-WA0084

Мешіт жамағаты құптан намазынан кейін тарауих намазын оқып, Алладан елдің амандығы үшін дұға-тілек тіледі. Тарауих намазын «Орал медресе» колледжінің шәкірті Әли Әділжанұлы оқыды. Биылғы Рамазан айы ҚМДБ-ның мақұлдауымен 2 сәуір мен 1 мамыр аралығы болып бекітілді. Сәуірдің 27-нен 28-не қараған түн – Қасиетті Қадір түні. 2 мамыр Ораза айт мерекесі.

Әмірбек Әлібекұлы,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале