28.02.2021, 22:08
Оқылды: 1

Айшаны сән мектебі суретке түсірді

"Қарекет" республикалық қайырымдылық қорының облыстағы бөлімшесінің ұйытқы болуымен Орал қаласындағы "Perfection" сән мектебі суретке түскенді жақсы көретін Айша Есмагулованы фотосессияға арнайы шақырған болатын. Ешқайда шықпайтын, балабақшаға бармайтын, өзіндей құрбыларымен тең қуыршақ ойнамайтын Айша үшін бұл зор қуаныш, үлкен серпіліс, сергіту сәті болды. Үш сағатқа созылған фототүсірілімде  қуаныштан оның төбесі көкке жетті. Кішкентай сәбидің суретке түскенде қалай тұру керектігін айтқызбай жасаған қимылдары сән мектебінің мамандарын таң қалдырды. Сән мектебіне Айша Асылбекқызының шынайы суреттері ерекше ұнап, балаларға арналған сән журналына жариялайтындарын айтты.

4C15FCA1-C333-4D07-AA0E-ACFC199AFE38

"Көңіл көңілден су ішеді". Түсірілімнің үш сағаты үш жасар Айшаның күн сайын арпалысқан ауруын өзіне де, анасы Сымбат Жұмабаеваға да бір сәтке ұмыттырып, бақытты шақ  сыйлаған еді. Сәбиінің қуанышын көрген ана көз жасын тыя алмады.

0F1528B0-9262-4662-95F3-73CFA59AC683

Айта кетейік, гиршпрунг ауруымен ауыратын Айша Асылбекқызы наурыз айының ортасына Мәскеуге емге шақырылып отыр. Мәскеуден ота жасатуға 6 млн. теңге қажет болса, бүгінде 1 млн. 700 мың теңге халықтың көмегімен жиналды. Айшаға әлі де көмек керек. Кішкентай періште сәбидің амандығы үшін әрқайсымыз қол ұшын созуға мүдделі болайық! Айшаның анасы Сымбат Жұмабаеваның Каспий голд нөмірі: 5169497162747962, 8 7771810963.

5D8FC148-43A6-4EB0-B9D8-4BD0792E7C28

1C77DB40-76EE-4245-BE69-A01FBAC7D3D9

F92E7B72-0C0A-4ADA-BE11-75A41508EACBШынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале