16.11.2022, 22:26
Оқылды: 47

Айшықты ойын көрсетті

  Жуырда Шыңғырлау ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбы, шахмат, үстел теннисі және асық атудан аудандық жарыс өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулықтарына аса бір күш түсірмейтін спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарысқа көптеген жандар қатысты.

0L1A3073

Өздері машықтанған ойындардан нәтиже көрсетуге тырысқандарға қарап, разы болыстық. Жарыс қорытындысында дойбыдан тиісінше Евгений Евстифеев, Арман Сандыбаев, Айбек Құрметов жүлдегерлер атанып, «Үздік ойыншы» ретінде Жұлдыз Қабиева танылды.

0L1A2878

Шахмат ойынынан да қатысушылар тартысты өнер көрсете білді. Мұнда да Е.Евстифеев қарсыластарынан басым түссе, А.Құрметов екінші орынға тұрақтап, Ж.Қабиева үшінші орынды жеңіп алды. Бұл сайыс түрінен Әділхан Жұбаниязов «Үздік ойыншы» атанды.
Үстел теннисі де өз қызығымен көңіл аударды. Бұл ойында тасмолалық Мақсот Юсуповке ешкім жете алмаса, Е.Евстифеев тағы да жеңімпаздар қатарынан табылды. Ал, үшінші орын Ә.Жұбаниязовқа бұйырды. «Үздік ойыншы» аталымына Берік Мұханов лайық деп танылды.
Халқымызщдың ұлттық ойыны асық атуға қатысуға қызығушылық танытқандар аз болған жоқ. Дәлдік пен ептілікті қажет ететін ойын бәріне де бала кезден таныс. Сондықтан да асық атушылар бір бірінен басым түсуге тырысты. Алайда, Арсен Ақбалеев І орынды жеңіп алса, М.Юсупов екінші орынды місе тұтып, Б.Мұханов үшінші орынға табан тіреді. Ал, А.Құрметов «Үздік ойыншы» атанды.
Қызықты ойын көрсеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Шыңғырлау» спорт клубы атынан  дипломдармен, медальдармен марапатталды.

                                                                                                                Нұркен АҚБОЛАТОВ,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале