10.04.2024, 11:52
Оқылды: 40

Айт намазында ел амандығын тіледі

 

Отыз күн оразада бәйтеректіктер де ыждаһаттылықпен ауыз бекітті. Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айтта жерлестеріміз мешітке қарай бағыт ұстап, Айт намазына келді.

IMG-20240410-WA0060

Мичурин ауылдық округінде орналасқан Асан мешітіне айналадан жамағат көп жиналды. Мешіт имамы Мұратбек қажы Жахатов жиналған жұртты қасиетті Ораза Айт мейрамының басталуымен құттықтады. Ол мейірімділіктің, бірліктің, достықтың мерекесі Ораза айт кезінде дүниеден өткен марқұмдарды зиярат етіп, тума-туыстарға барып, балаларға да осынау мерекенің мәнін түсіндіріп, оларға сыйлық беріп, көңілдерін көтеру маңызды екенін атап өтті.

IMG-20240410-WA0061

- Жыл сайын осындай Айт кезінде мешіт ауласында спорттық сайыстар өтіп, дастархан жайылып, мешіт жамағатына, жалпы көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын іс-шаралар ұйымдастырылатын еді. Кейбір жерлестеріміз биылғы су тасқынынан зардап шегіп, қиналып жатқанда басқаларымыздың шаттанып жатқанымыз ыңғайсыз болар деген мақсатта осынау іс-шараларымыз кейінге қалдырылды, - деді Мұратбек Каспиұлы.

IMG-20240410-WA0064

Сағат тілі 7-ден 45 минут кеткенде Айт намазы оқылды. Намаз соңында имам су тасқыны салдарынан елімізде, соның ішінде өңірімізде қалыптасқан қиын жағдайдан тезірек шығып, зардап шеккендерге жеңілдік болуын, отандастарымыздың есендігін тілеп дұға қылды.

 

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале