26.11.2021, 16:00
Оқылды: 54

Айжан, жарайсың!

Сырым ауданы орталығында «Жомарт жүрек» және «Жыл үздігі-2021» жастар премиясының салтанатты шарасы өткізілді.

36

Шара барысында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев құттықтау сөз сөйлеп, жыл жеңімпаздарына сәттіліктер тіледі.
-  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдан бастап жүзеге асырылған «Рухани жаңғыру-Болашаққа бағдар» бағдарламасының басты мақсаты-жанашыр жандарды, елгі үлгі боларлық азаматтардың тәжірибесін тарату.
Осы бағытта туған өлкенің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды дәріптеу арқылы жастарды елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жомарт жүрек» және «Жыл үздігі-2021» премиясын табыстау салтанаты жыл сайын оздырылуда,-деді аудан әкімі.
Салтанатты шарада аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева бір топ сала үздіктеріне марапаттарды табыс етті.
Сала үздіктері арасында «Үздік жас тілші» номинациясымен әріптесіміз, журналист Айжан Амангелдинаның марапатталуы ұжым үшін ғана емес барша оқырмандар үшін зор қуаныш.
Айжан жас журналист болса да маңызды, күрделі тақырыптарға қалам тербеп, оқырмандар құрметіне бөленген қаламгер.
Сала үздігі танылып отырған әріптесіміз Айжан Бауыржанқызына, барша жүлдегерге сәттілік тілейміз.

Мүсірбек Әлібекұлы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале