17.08.2021, 10:47
Оқылды: 84

«Ақ бидайдан» жүлделі оралды

1-15 тамыз аралығында БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Ақ бидай» VII облыстық ауыл спорты ойындары өткен болатын.

«Ақ бидайдан» жүлделі оралды

Аталмыш жарыста облыстың барлық ауданының спортшылары 14 спорт түрі бойынша бақ сынап, сынға түскен болатын. Жуырда оздырылған ұлдар арасындағы волейбол жарысы Орал қаласында өтті. Аудан намысын абыройлы қорғаған спортшыларымыз ерлер арасындағы волейболдан жеңімпаз атанды. Енді олар алдағы қазан айында Ақтау қаласында өтетін республикалық «Ақ бидай» ойындарына облыс намысын қорғайтын болады.

 

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале