10.10.2022, 13:01
Оқылды: 73

«Ақберен» өнерлілерді анықтады

Шыңғырлау ауданында 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитралық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) қолдау көрсетіп, әрі қарай дамытуына жол ашу мақсатында «Ақберен» аудандық өнер байқауы ұйымдастырылды.

310602432_1300072260530833_6899507539598129708_n

Байқау шешендік, білгірлік сайысы, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта өнер көрсету аталымдарынан құралып, шығармашыл оқушылар сайысқа түсті.

Сайыс қорытындысына сәйкес, шешендік, білгірлік сайысы аталымы бойынша I орынға Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы А.Төлепбаева, II орынға Амангелді НОМ-нің оқушысы Д.Отарова, III орынға Шыңғырлу ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы А.Қармыс ие болды.

310167471_1300072327197493_1818104896292701649_n

Көркемсөз оқу аталымына сәйкес ерекшеленгендер арасынан I орынға Ақсуат НОМ-нің 8-сынып оқушысы Т.Жәрдем, II орынға Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Р.Нұр, ал III орынға Ащысай МББК 7-сынып оқушысы Н.Танбай мен Шыңғырлау ЖОББМ 9-сынып оқушысы Ә.Шәріпқали лайықты деп танылды.

Ал, эссе жазу аталымы бойынша I орынды Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы І.Жаңқожа жеңіп алса, II орынды Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Г.Теңдік иеленіп, III орынды Шыңғырлу ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Д.Оқанова, А.Тихоненко атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Ә.Бисенғалиева бөлісті.

Ұлттық аспапта өнер көрсету аталымы бойынша да бақ сынысқандар жүлдесіз кетпеді. I орынға Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы А.Абай лайық болса, II орынды Шыңғырлау ЖОББМ 9-сынып оқушысы Н.Миранков жеңіп алып, III орынды Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Д.Қабден бен Ащысай МББК-нің 8-сынып оқушысы Н.Мұхамбетқали бөлісті. 

Барлық жүлдегерлерге алғысхаттар табысталды.

Г.Айдын,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале