27.02.2020, 16:16
Оқылды: 50

«Аққұм» триосы бас жүлдені иеленді

Шыңғырлауда талантты өнерпаздардың талабын ұштау  мақсатында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қолдауымен   «Шыңғырлау дауысы» ән байқауы өтті.

shyn dauysy 2

Оған музыкалық білімі бар мамандар мен әуесқой әншілер арасынан   14 үміткер қатысты. Әп дегеннен айта кетелік, бас жүлде еш талассыз «Аққұм» триосына бұйырды. Ал Назерке Төрехметова І орынға лайық деп танылса, Аңсаған Хибашев пен Асылбек Мендіғали ІІ-ІІІ орындарды  еншіледі. Көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленген әуесқой әншілер Айбек Рсалиев пен Үзілдік Кужановалар дипломант атанды.

shyn dauysy 3

Шара соңында аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев барша қатысушыларға өзінің ізгі тілегін білдірсе, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова  жеңімпаздарға  бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыстады.

Қалампыр Жұбаниязова,

  аудандық мәдениет үйінің әдіскері

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале