22.12.2021, 16:15
Оқылды: 122

Ақсайда қазақ күресі үшін арнайы зал ашылды

Бөрлі ауданы Ақсай қаласы «Қарашығанақ» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ күресіне арналған арнайы зал ашылды.

СПОРТ (1)

Аудандық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов: "Қазақ күресі үшін ашылған бұл зал, Батыс Қазақстан облысы қазақ күресі ассоциациясы мен Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлесуімен жүзеге асырылды»,-дейді.

Залдың салтанатты лента қию рәсіміне Батыс Қазақстан облысы қазақ күресі ассоциациясының президенті Әсет Сұлтанұлы және дзюдо күресінен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, бөрлілік Гаухар Ирмағамбетова қатысты.

269805027_6639379532801246_5208866517337238928_n

Құттықтау сөз сөйлеген Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов осы залдан жауырыны жерге тимес палуандар шығатынына сенім білдірді. Одан әрі БҚО қазақ күресі ассоциациясының президенті Әсет Сұлтанұлы спортшыларды залдың ашылуымен құттықтап, Бөрлі ауданында қазақ күресінің қарқынды дамып келе жатқанын, бұндай арнайы зал облыс орталығынан кейін аудандар арасында Бөрліде бірінші рет ашылып отырғанын айтып өтті.

Салтанатты жиын Бөрлі аудандық БЖСМ-нің қазақ күресі бөлімі оқушыларының күрес кезіндегі әдіс-тәсілдерінің көрсетілімдерімен жалғасын тапты.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале