16.11.2023, 22:27
Оқылды: 96

Ақсайда мамандандырылған өрт сөндіру бекеті ашылды

Ақсай қаласының аумағы да, халқының саны да күн санап артып келеді. Соңғы жылдары әлеуметтік нысандар, көп қабатты үйлер көптеп салынуда. Тиісінше өрт туындау қаупі де жоғарылай түскен. Соған орай, бүгін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақсай қаласында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды.

WhatsApp Image 2023-11-16 at 20.24.33 (1)

Нысанның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішенбаев пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысты.

WhatsApp Image 2023-11-16 at 20.24.32

Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімін ашу бұрын Ақсай қаласында болған өрт сөндіру бөлімшелеріне жүктемені азайтуға, оқиға орнына дейін жол жүру уақытын қысқартуға және қалада өрттерді сөндіру кезінде ғана емес, одан тыс жерлерде де Ақсай қаласы бөлімшелерінің авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңа № 29 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. Онда 5, 7, 9, 11 және 12 шағын аудан және Қызылтал ауылы кіреді. Жалпы халық саны 17 мыңнан асады. Бөлімнің қарулануында 3 бірлік «АЦ» өрт сөндіру және 1 бірлік «АЛ-32» арнайы баспалдағы бар техника бар.

Салтанатты шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы нысанның маңыздылығына тоқталып, аудан аумағында өрттен қорғау және сөндіру, апаттық құтқару жұмыстарын қамтамасыз етіп келе жатқан құтқарушыларға алғысын жеткізді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азамматтық қорғау қызметі өте маңызды сала, құтқарушыларға үлкен сеніммен жоғары жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық жарақтандыруға және оларды әлеуметтік мәртебесін арттыруға ерекше назар аудару арқылы азаматтардың қауіпсіздігінің маңыздылыған атап көрсетті. Сондықтан облыс әкімдігі құтқарушылардың материалдық-техникалық базасын күшейтуге ерекше мән береді. Соның дәлелі бүгін облысымызда Тәуелсіздік жылдары ішінде алғашқы рет ашылған жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі. Жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы өңірдегі құтқарушылар санын 66 қызметкерге ұлғайтып, Ақсай қаласында болуы ықтимал апаттардың алдын алуы мен олармен күресуге мүмкіндік береді. Биылдың өзінде 2 млрд жуық қаражатқа 10 бірлік техника мен 79 құрал-жабдықтар сатып алынды. Оған қоса жергілікті бюджет есебінен 2 өрт сөндіру бөлімінің жобасы дайындалып, 4 жоба жасақталуда. Ақсайлықтардың бүгінгі қуанышына ортақтаса отырып, құтқарушыларға ыстық ықыласымды білдіргім келеді, - деп атап өтті облыс басшысы Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2023-11-16 at 18.51.54 (1)

WhatsApp Image 2023-11-16 at 18.51.53

Оған қоса облыс әкімі ауданының азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ қызметкерді өзінің алғысхатымен марапаттады.

WhatsApp Image 2023-11-16 at 20.24.31 (1)

Жаңа нысанның лента қию рәсімі Қазақстан Республикасы Төтенше жайдайлар министрлігінің вице-министрі Мереке Пішенбаев пен азаматтық қорғау органдарының ардагері Қасқырғали Дүйсенғалиевке ұсынылады.

WhatsApp Image 2023-11-16 at 20.24.31

Мамандардың айтуынша облысымыздың барлық аудандарында өрт сөндіру бөлімі бар. Ал Ақсай қаласында қосымша өрт сөндіру бекетінің ашылуының бірден бір себебі ол – тұрғындардың жыл сайын артуы және өнеркәсіптік нысанның көбеюі, аумақтың үлкейуіне байланысты шаһарда бұрыннан болған өрт сөндіру бекеті мен өрт сөндіру бөлімінің күшін арттыру үшін ашылды. Бұл нысанның қызметі тек өрт сөндіру емес авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқыны кезінде, өнеркәсіптік нысандарда апаттарды жою болып отыр.

WhatsApp Image 2023-11-16 at 18.51.50 (1)

Вице-министр Мереке Пішенбаевқа биылғы көктемде қардың тез еруі салдарынан орын алған төтенше жағдай туралы айтылды. Ауданда орын алған төтенше жағдай салдарынан 192 баспанаға зақым келіп, 16 үй мүлде жарамсыз күйде қалған еді. Бүгінде үйсіз қалған тұрғындарға жаңа баспаналар салынып, тұрғындар жаңа үйлерге көшірілген болатын. Алдағы жылдары мұндай төтенше жағдай орын алмау үшін жасалып жатқан кешенді жұмыстар вице-министр Мереке Пішенбаевқа жан-жақты таныстырылды. Айталық, үйлерін су кірген Қызылтал ауылы аймағында былтырғы жылы қыркүйек айында «Қызылтал ауылының су тасқынынан инженерлік қорғау» құрылысы салынып, құрылыс биылғы жылы аяқталған еді. Аталған инженерлік жобаның жалпы ұзындығы 11*6 шақырым, биіктігі 2 метр, ал ені 4 метрді құрайды. Бұл бөгеттің болуы алдағы жылдары Қызылтал және Ақсай қаласының оңтүстік бағытындағы тұрғын үйлерді көктемгі су тасқыны қауіпінен қорғайтын болады. Қазіргі уақытта Ақсай қаласының солтүстік бағыты, Аралтал және Пугачев ауылдарына тасқын судың келмеуін қамтамасыз ету үшін «Еріген судан қорғау үшін "Ақсай" каналын қайта құру» жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы жасалып, қазір 90 пайыз аяқталып тұр. Аталған жобаның жалпы ұзындығы 12,7 шақырым, биіктігі 1, ені 4,5 мерт болып отыр. Бұл жобаның құрылысы аяқталған жағдайда аталған аймақта тұратын 15 мыңға жуық тұрғынның үйлерін тасқын су басу қауіпі мәселесі түбегейлі шешілмек.

WhatsApp Image 2023-11-16 at 20.24.03

Жоба сараптамадан өтіп, жергілікті бюджеттен 20 млн теңгеге жобалау-сметалық құжаттама жасалды. Енді аталған жобаның құрылысына 750 млн теңге қаражат қажет етіп отыр. Мамандар, вице-министрден тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында қажетті қаражатты республикалық бюджеттен бөлуді сұрады.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале