15.05.2023, 17:28
Оқылды: 144

Ақтауға барып, бәйге алды

Бөкей ордасы ауданы М-С.Бабажанов атындағы мектеп оқушылары Ақтау қаласында өткен дәстүрлі «Әбіш оқулары» байқауының республикалық кезеңіне қатысып, І орын иеленді.

WhatsApp Image 2023-05-15 at 18.22.46

Еркебұлан Нұрсайын, Нұрайым Нұралы, Айша Азамат, Дильяра Төремұрат, Бейсенбі Бейбітұлы сияқты жас таланттарымыз абыз Әбіштің «Жүнді барақ» әңгімесі бойынша сахналық қойылым көрсетті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жиырма команданың ішінен үздік ойын үлгісін көрсеткен бабажановтық шәкірттер аудан ғана емес, облыстың мерейін үстем қылғаны рас. Бұл жеңіс – шәкірттерінің талабын ұштап, сахна шеберлігіне үйреткен Рысгүл Байбекованың қажырлы еңбегінің жемісі. Осы орайда жас әртістерімізді Ақтауға бастап апарған аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айнұр Мусинаның еңбегін де ескерген жөн.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале