7.11.2022, 23:01
Оқылды: 69

Ақтөбеден алтын жауған күн

Бүгін Ақтөбеден тағы бір ақжолтай хабар жетті. 

image-07-11-22-10-49-3

“Ақтөбе облысы Рауан елді мекенінде қазақ күресінен Ғалымжан Байниязов атындағы республикалық турнирде шәкірттерім қос алтын мен қос қолаға ие болды!”- деп ағынан жарылды Сырым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, белгілі бапкер Ержан Чукуров.

image-07-11-22-10-49-2 (1)

Аталмыш додада 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында белдесуден алдына жан салмаған сырымдық жас палуандар қарсыластарға есе жібермеді.

Турнир нәтижесінде, 18 және 42 келі салмақта Әділ Нұржігітұлы мен Мансур Елуғали ІІІ орынды қанағат тұтса, Мансур Аманқос пен Алихан Қайратов 26 және 38 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, І орын иеленді. Аталған спортшыларды Ержан Чукуров баптаған болатын.

Одан бөлек, Ерген Рамазановтың да шәкірті Ақдәулет Бердіғали 46 келі салмақта І орын иеленіп, ел үмітін ақтады.

-Қазақ күресінен баптаған шәкірттеріміз намысты қолдан бермеді. Барынша боз кілемде босамай, мықтылығын мойындатты. Ұлықтайтын ұландарымыз бар да ұлттық спортымыз дами бермек. Шәкіртіміздің қола жүлдесінің өзі біз үшін алтынмен пара-пар,- дейді Ержан Чукуров.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале