17.04.2020, 15:45
Оқылды: 41

Ақтөс те сақтанып жүр

Көзі қырағы оқырманға жақсы таныс болуы керек «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің өткен жылғы №25 санында «Ақтөс» атты мақала жарияланып, онда Жымпиты ауылының тұрғыны кәсіпкер Х.Сармурзиннің  қоқыс  арасынан табылған күшікке  қамқорлығы жөнінде баяндалған еді.

B560B2BD-D74D-46DD-B738-07BAE8BD7B33

Кәсіпкердің аялы қамқорлығына алынып, бүгінде шымырланып өскен Ақтөске еліміздегі коронавирустық жұқпаның таралуы да мықтап әсер еткен сыңайлы. Өйткені кәсіпкер жүргізуші Хайырсапа Сармурзин індеттен сақтану мақсатында бетперде (маска) пайдалануды дағдысына айналдырса, бұл тәртіпке  Ақтөс те мойынсұныпты.

Иесі тұрғындардан түскен тапсырысты орындау үшін көлігіне отырғанда Ақтөс те бірге сапарлас болып, тұмсығына бетперде тағуды  «өтініп» тұрады.

Ақтөстің  адам таңданарлық бір қасиеті сазды әуенге қосылып, өзінше «ән әуелетсе», алдыңғы аяғын көтере сәлемдесетін ғадеті тағы бар.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға  ит болса да бей-жай  қарамай, тәртіпке бағынған Ақтөстің ісі тәртіпке бағынғысы келмейтін кейбір адамдарға ой салса игі.

Мүсірбек Әлібекұлы

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале