24.05.2022, 19:01
Оқылды: 66

Ақынға арналған кеудемүсін орнатты

Бүгін Жәнібек ауданы орталығындағы Т.Жароков атындағы орта мектебінде Жәнібек ауданының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 15 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер қазақ поэзиясында ерекше өзіндік орны бар, болмысы бөлек, қазақтың өр дауысты өршіл ақыны Тайыр Жароковтың кеудемүсінін орнатты. 

IMG-20220524-WA0031

Кейінгі ұрпаққа мәңгі өлмейтін өлең жырларымен, ақын Т.Жароковтың мәртебесін асқақтатып, мүсінін соғу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отырған игі істердің бірі. Кеудемүсінді салтанатты ашу рәсімі ардагер ұстаз Қабаш Жүнісов пен 2007 жылғы түлек Қуантай Кішкеловқа бұйырды.

IMG-20220524-WA0032

Салтанатты шарада ардагер ұстаз Қабаш Жүнісұлы ақынның өміріне тоқталса, Т.Жароков атындағы орта мектептің директоры Сержан Қошанов барша жиналғандарды мерекемен құттықтап, өз тарапынан ризашылығын білдірді. 2007 жылғы мектеп түлегі, аудандық саз мектебінің эстрадалық вокал класының мұғалімі Асылан Борабаев құттықтау сөз сөйлеп, әннен шашу шашты. Сонымен қатар аталмыш мектептің 7-сынып оқушысы Еркежан Мақашев Мүтиғолла Ғаниевтің ақынға арнауын мәнерлеп оқып берді.

Шара мектептің гимнімен өз мәресіне жетті.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале