«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

Ақжайық ауданы: Мәдениет үйі пайдалануға берілді

Ақжайық ауданының Жамбыл ауылында күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі пайдалануға берілді. Іші-сырты сыңғырлаған мәдени ошақтың ашылу салтанаты ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі.

23dc48ea-af7a-4a50-bf6d-1a1e1b83197d

– Бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Осы сахнадан талай дарын қанаттанып, үлкен өнерге жол алады деген сенімдеміз. Ауданда ауылдарды көгілдір отын, ауыз сумен қамту аяқталуға жақын, бірнеше әлеуметтік нысан бой көтеріп, күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жақсы жаңалық көп болсын, – деді жамбылдықтардың көптен күткен қуанышына ортақтасуға арнайы барған  аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов.

Одан соң ауыл тұрғындары атынан сөз алған еңбек ардагері Қайыржан Шәрәпи  ризашылығын жеткізіп, М.Абдулов атындағы негізгі орта мектептің үздік оқушысы Жарқын Саламатпен бірге мәдениет үйінің лентасын қиды.

Жиналғандарға аудан көркемөнерпаздары мен ауылдың өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынып, тамаша көңіл күй сыйлады.

Асыл Қайрат,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале