2.03.2023, 17:45
Оқылды: 14

Ақжайық ауданында «64 шаршы» шахмат клубы ашылды

Жыл өткен сайын Ақжайық ауданында спорттың түрлі жаңа секциялары ашылып, тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалуда. Солардың қатарына апта сәрсенбісінде аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінде ашылған «64 шаршы» шахмат клубы қосылды.

772ECC35-75A7-4D2C-92CA-A362A0FD95BD

Жаңа клубтың лентасын Батыс Қазақстан облысы шахмат федерациясының президенті Мұрат Сыдықов пен спорт ардагері Марат Досмұхамбетов салтанатты жағдайда қиды.

Салтанатта аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов, облыс шахмат федерациясының президенті  Мұрат Сыдықов,  аудандық шахмат федерациясының президенті Әлия Шоқанова және шахматтан аудан құрамасы мүшесі Біржан Кухаев  сөз сөйлеп, клубтың жұмысына сәттілік тілеп, аудан мерейін асқақтатар талантты спортшылар шығуын  тіледі.

Аудан басшысы шахматты дамытуға зор үлес қосқан бір топ азаматқа өзінің алғысхатын табыс етті. Айта кететін жайт, «64 шаршы» – облыстағы аудандар арасында ашылған тұңғыш шахмат клубы.

F686B48A-DEB0-4D57-B617-76FCF04F18A4

– Осыған дейін ауданымызда шахмат үйірмелерінен тәлім алған талай дарын облыс чемпионы атанды. Бірақ тұрақты айналысатын орын болмағандықтан, уақыт өте келе бұл үйірмелер  жабылып қалды. Енді, міне, бүгін ашылған клубқа балалар және жасөспірімдер спорт мектебінен арнайы орын бұйырып, спорттың осы түрін жандандыруға ниет еттік. Қазіргі уақытта 2012-2015 жылы туған балалар үйірмеге қатысып, өнер, ғылым және спорт элементтерін біріктіретін ойында шеберліктерін шыңдауда, - дейді үйірме жетекшісі Бауыржан Тулақбаев.

Сонымен қатар клубтың ашылу құрметіне және 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ардагерлер мен оқушылар арасында облыстық олимпиадаға іріктеу жарысы ұйымдастырылды.

Азамат Қанапия

Суреттерді түсірген автор

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале